12 желтоқсан күні Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында ерекше рухани кеш өтті. “Отбасы – құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы” тақырыбындағы кездесуге жазушы, Башқұртстан Жазушылар одағының төрағасы Айгиз Баймұхаметов, Қазақстандық ақын Саят Қамшыгер, Якутия Жазушылар одағының төрағасы Гаврил Андросов және қырғыз ғалымы Қиялбек Ақматов қатысты.